Семей тұрғындарын жерасты өткелінде қорқытқан "елес" қыз жауапкершілікке тартылды
Жарияланған күні:

Жексенбі күні кешке қаланың жерасты өткелдерінің бірінде 22 жастағы Семей тұрғыны "елес" костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан еді. Тұрғындардың тыныштығын бұзған қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Абай облыстық ПД Telegram-дағы ресми арнасында.
Ведомство мәліметінше, аталған факт бойынша полицейлер қоғамдық жерде қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдарды келбетімен қорқытқан құқық бұзушының жеке басын анықтады.
"Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін материал жиналды.
Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Абай облысының Полиция департаменті семейліктерден қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және азаматтардың тыныштығын бұзбауды сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2039615-semei-turgyndaryn-zerasty-otkelinde-qorqytqan-eles-qyz-zauapkersilikke-tartyldy/