jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы арнайы операция: 72 адам ұсталды

    Арнайы операция
    Арнайы операция. Фото: ҚР ҰҚК

    5 қазанда бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында жүргізілген арнайы операция кезінде 72 адам ұсталған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, арнайы операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және Бас прокуратураның үйлестіруімен өткізген.

    Операция барысында қару мен есірткіні заңсыз сақтау, бопсалау, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру және өзге де ауыр қылмыстар жасау бойынша күдікке ілінген топтардың мүшесі болуы мүмкін 72 адам тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілген.

    "Топтар өз әрекеттерін Қытаймен ("Қорғас" ХШЫО), Өзбекстанмен ("Жібек жолы" өткізу пункті) және Қырғызстанмен ("Қордай автомобильдік" өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.

    Тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада.

    тәркіленген заттар
    Тәркіленген заттар. Фото: ҚР ҰҚК

    ҰҚК қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайтынын атап өтті.

    тәркіленген заттар
    Тәркіленген заттар. Фото: ҚР ҰҚК

    Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы арнайы операция: 72 адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.