jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ауласында алтын өндірген Жамбыл облысының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Бағалы металдар
    Жамбыл облысының тұрғыны ауласында алтын өндірген. Видеодан кадр: youtube.com/@newsKTK

    Жамбыл облысының полицейлері Мойынқұм ауылының тұрғынының ауласынан алтын өндіретін цехты анықтады. Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарна ақпаратынша, Мойынқұмның 54 жастағы тұрғыны үйінде отырып кен өндірген, алтын өңдейтін цех ашып алған. Мойынқұм ауданының тұрғынын тінту кезінде сарайынан бір тоннаға тарта әр түрлі тас табылды.

    Тілші мәліметінше, ауыл азаматы құрамында бағалы металл бар шикізаттың біраз бөлігін қапшықтарға салып қойған. Ол көлеңкелі кәсібін кеңейту үшін түрлі техника сатып алған. Онда қолдан жасалған үш бірдей тас уатқыш тәркіленді.

    Қазір заңсыз қазба жұмысымен айналысқан күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    "Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 295-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық сот сараптама тағайындалды", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Ауласында алтын өндірген Жамбыл облысының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.