jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдетіліп, колониядан босатылды

    Қайрат Боранбаев
    Қайрат Боранбаев. Фото: instagram.com/kairat4

    Бұған дейін 6 жылға сотталған Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдетілді. Сот жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырды, деп хабарлайды Ақмола соттары Facebook-парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақмола соттарының хабарлауынша, сот Боранбаевтың өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы шешім қабылдады.

    Жазаны ауыстыру кезінде сот мынадай мән-жайларды ескерген:

    • сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген;
    • сотталған адам мемлекетке келтірілген залалды толық өтеп, тергеумен белсенді түрде ынтымақтасқан әрі жасаған әрекетіне өкінген;
    • ол қамауда болған кезде өзін жақсы ұстаған. Мекеме әкімшілігі тиісті құжаттарды ұсынып, өтінішті қолдаған.

    "Сот шешіміне сәйкес, Б. пробациялық бақылауға алынады", – делінген сот хабарламасында.

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    Бұған дейін сот үкімі бойынша Қайрат Боранбаев мемлекет мүлкін жымқырды деген айыппен мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оған қоса Боранбаевқа өмір бойына жоғары лауазымды мемлекеттік қызметті атқаруға тыйым салынды.

    Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдетіліп, колониядан босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.