Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдетіліп, колониядан босатылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бұған дейін 6 жылға сотталған Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдетілді. Сот жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырды, деп хабарлайды Ақмола соттары Facebook-парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақмола соттарының хабарлауынша, сот Боранбаевтың өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Жазаны ауыстыру кезінде сот мынадай мән-жайларды ескерген:
- сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген;
- сотталған адам мемлекетке келтірілген залалды толық өтеп, тергеумен белсенді түрде ынтымақтасқан әрі жасаған әрекетіне өкінген;
- ол қамауда болған кезде өзін жақсы ұстаған. Мекеме әкімшілігі тиісті құжаттарды ұсынып, өтінішті қолдаған.
"Сот шешіміне сәйкес, Б. пробациялық бақылауға алынады", – делінген сот хабарламасында.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін сот үкімі бойынша Қайрат Боранбаев мемлекет мүлкін жымқырды деген айыппен мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оған қоса Боранбаевқа өмір бойына жоғары лауазымды мемлекеттік қызметті атқаруға тыйым салынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2041944-qairat-boranbaevtyn-zazasy-zenildetilip-koloniyadan-bosatyldy/