jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Саңырауқұлақ теруге шығып, адасып кеткен ақтөбелік орманшы әйел ауылдан 20 км жерден табылды (фото)

    орманшы әйел
    Орманшы әйел. Фото: ТЖД баспасөз қызметі

    Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққайың ауылының маңындағы орманға саңырауқұлақ жинауға кетіп, жоғалып кеткен 60 жастағы әйел бір күннен кейін табылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

    29 қазан күні сағат 23:40-та құтқарушыларға Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округі Аққайың ауылынан 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан орманға 1963 жылы туған әйел адам саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткені жөнінде ақпарат келіп түскен.

    "Құтқарушылар күшімен 30 қазан күні 1963 жылы туылған әйел Аққайың ауылынан 20 км қашықтышта аман-есен табылды", - делінген хабарламада.

    ТЖД өкілдері 60 жастағы әйелге медициналық көмек қажет болмағанын мәлім етті.

    Ақтөбелік құтқарушылар ауа райын қадағалауды, қысқы кезеңдерде алыс жолға шықпауды ескертеді.

    Саңырауқұлақ теруге шығып, адасып кеткен ақтөбелік орманшы әйел ауылдан 20 км жерден табылды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.