jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте "форсаж қойылымын" жасағандар жазаланды (видео)

    Шымкентте жол ережесін бұзған кортеж
    Шымкентте жол ережесін бұзған кортеж. Фото: polisia.kz

    Шымкентте кортеж қатысушылары жол ережесін өрескелбұзғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Мегаполис көшелерінің бірінде болған "форсаж қойылымын" ПД-ның жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары түсіріп алған.

    Автожолдағы жастардың қауіпті көңіл көтеруін жедел басқару инспекторларының нұсқауымен келген патрульдік полицейлер тоқтатты.

    Қарсы жолаққа шыққаны үшін 18 және 19 жастағы үш жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осылайша, автожолдағы мақтанудың соңы олар үшін алты айға көлік басқару құқығынан айырылумен аяқталды.

    Полиция қызметкерлері жол қателікті кешірмейтінін ескертіп отыр.

    "Жол қозғалысы ережелерін жиі бұзудың соңы ауыр зардаптарға әкеледі. Жолдағы қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол ережелерін қатаң сақтаңыздар", - дейді ІІМ өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.