jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Элиталық саяжай, демалыс орындары: Түркістан облысында шенеуніктерге қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды

    Демалыс орны
    Демалыс орны. Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облысында прокурорлар таулы аймақтарда орналасқан 270 жер учаскесі элиталық саяжай құрылысына заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлайды Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында.

    Құзырлы орган мәліметінше, Түркістан облысында азаматтарға жалған құжаттар ұсыну арқылы 26 жер учаскесін рәсімдегені және 28 жер учаскесінің орнын заңсыз өзгерту фактілері орын алған.

    "Жергілікті атқарушы органдар Түркістан қаласы, Сарыағаш, Сайрам, Төле би және Түлкібас аудандарындағы 200 ауыл шаруашылық жерлерінің нысаналы мақсаттарын негізсіз тұрғын үй құрылысы және демалыс аймақтарына өзгерткен. 

    Аталғандардың негізінде жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және алаяқтық фактілері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Бас прокуратурадан.

    Бас прокуратура прокурорлардың ұсынысы негізінде мемлекеттік органдар 400-ден астам жерді мемлекет меншігіне қайтару процесін бастағанын мәлімдеді.

    Элиталық саяжай, демалыс орындары: Түркістан облысында шенеуніктерге қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.