jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Былтыр Алматыда дәретханадан табылған сәби жаңа отбасын тапты

    Нәресте
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Былтыр Алматыда көшедегі дәретханадан табылған сәби басқа ата-анаға берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство өкілдері биыл мамыр айында сәби жаңа отбасын тапқанын мәлім етті.

    "Балалар үйіне келген әйел сәбиді көріп, көзіне жас алды, оны бірден алып кеткісі келді. Жаңа отбасы толық, отау құрғандарына көп жыл болған, бірақ балалары жоқ. Басқа қаладан келді, қорғаншылыққа алуды рәсімдеді. Биыл мамыр айында қамқорлыққа алды. Олардың толыққанды бақытты отбасына айналғанына өте қуаныштымыз. Олар бізге фотосуреттерін жіберді, көздерінен қуаныш көрдік", - дейді ведомстводағылар.

    Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы тамыз айында Алматы полициясы Түрксіб ауданында жаңа туған баланы дәретхана шұңқырынан алып шығып, аман алып қалған болатын. Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, тәртіп сақшыларына кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны туралы ақпарат түнгі сағат екіде түскен. Олар оқиға орнына барып, дәретханадан сәбиді тапты.

    Кейін дәрігерлер баланың қатты тоңып қалуы себепті жансақтау бөліміне жатқызғанын мәлім етті.

    Биыл қаңтар айында сәбидің кәмелетке толмаған анасы сотталды. Ол сегіз айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

    Былтыр Алматыда дәретханадан табылған сәби жаңа отбасын тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.