Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық полицейлер құтқарып қалған нәрестенің жағдайы қандай: Қоғамдық денсаулық басқармасы пікір білдірді

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі сурет: pixabay.com

Кеше, 25 тамызда полицейлер Түрксіб ауданында жеке үйдің ауласындағы дәретхананың шұңқырынан алып шыққан баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"25 тамыз күні сағат 06:53-те Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жаңа туған нәресте жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Бала жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы өте ауыр. Ол жансақтау бөлімінде интенсивті терапиялық ем қабылдауда", - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство нәрестенің 17 жастағы анасының денсаулығы туралы айтқан. Қоғамдық денсаулық басқармасының дерегінше, ол сол түні №4 қалалық ауруханаға жеткізілген.

"Гинеколог және зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізгеннен кейін пациентке 35-36 апта аралығында ауруханадан тыс инфекциялық түсік деген диагноз қойылды. Науқас гинекологиялық бөлімшеге жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты, орташа ауыр. Гемодинамика тұрақты", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматы полицейлері жаңа туған баланы дәретхана шұңқырынан алып шығып, аман алып қалған болатын. Оқиға Түрксіб ауданында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985045-almatylyq-policeiler-qutqaryp-qalgan-narestenin-zagdaiy-qandai-qogamdyq-densaulyq-basqarmasy-pikir-bildirdi/

pixel