jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар қаласы әкімінің орынбасарына қатысты үкім шықты

    Арслан Қалияқпаров
    Арслан Қалияқпаров. Фото: instagram.com/akimat.pavlodar

    Павлодар қаласы әкімінің орынбасарына қатысты үкім шықты. Арслан Қалияқбаров 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін, 10 қарашада Павлодар қаласы №2 сотында экс-шенеунікке қатысты үкім шықты. Алайда айыпталушының өзі денсаулық жағдайына байланысты сот отырысына қатыса алмаған.

    Арслан Қалияқбаров Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі (Аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Биыл маусымда Павлодар әкімінің орынбасары ұсталғаны хабарланған. Антикор мемқызметші кәсіпкерден жол жөндеуге қатысты атқарылған жұмыстарды қабылдау актілеріне кедергісіз қол қоюы үшін пара алды деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеген.

    Ал кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл істегі пара сомасын да атаған - 1,8 млн теңге. Шенеунік өзіне қатысты айыптауды арандату деп атаған. Алайда прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

    Павлодар қаласы әкімінің орынбасарына қатысты үкім шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.