jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандылық оқушы сыныптасынан 350 мың теңге бопсалаған

    Телефон ұстап тұрған адам
    Телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қарағандыда жасөспірім сыныптасын бопсалағаны үшін жауапқа тартылды. Ол сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасы.

    Ведомство хабарына қарағанда, 39 жастағы әйел полицияға арызбен жүгінген. Ол белгісіз біреу 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын айтып шағымданды.

    Әйелдің айтуынша, ұлы ақшаны жібермеген жағдайда күдікті оқушының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама тарататынын айтып, бопсалаған.

    Полиция қызметкерлері хатты жазған адамды анықтады. Ол жәбірленуші жасөспірімнің 15 жастағы сыныптасы болып шықты. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтқан.

    Ведомство дерегі бойынша, қазіргі таңда мектеп оқушысын есепке қою әрі ата-анасын жауапқа тарту сұрақтары қарастырылып жатыр екен.

    Қарағандылық оқушы сыныптасынан 350 мың теңге бопсалаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.