jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қыз зорлау және есірткі қылмысы": 23 жыл іздеуде болған ресейліктер Павлодарда ұсталды

    Күдіктіні ұстау сәті
    Күдіктіні ұстау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Павлодар облысының жедел уәкілдері Ресей федерациясының екі азаматы орналасқан жерін анықтады, олар шамамен 24 жыл бойы тергеуден жасырынған, деп хабарлайды облыстық ПД Instagram-дағы ресми парақшасында.

    Павлодар облыстық ПД мәліметі бойынша, 2000 жылы Ресейдің Омбы қаласында 57 жастағы ер адам 17 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген, сондай-ақ, 1999 жылы Ресейде есірткі қылмысы бойынша күдікті 69 жастағы әйел ұсталды.

    Осы жылдар ішінде екеуі де жасырынып жүрген, тұрғылықты жерін ауыстыра берген.

    "Қабылданған шаралардың арқасында жедел қызметкерлер орналасқан жерін (күдіктілердің - ред. ескертпесі) анықтады. Қазіргі уақытта экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешіліп жатыр", - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

    Облыстық ПД өкілдері жыл басынан бері іздеу жарияланған 135 күдіктінің орналасқан жері анықталғанын хабарлады.

    "Қыз зорлау және есірткі қылмысы": 23 жыл іздеуде болған ресейліктер Павлодарда ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.