jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Артында алты баласы қалды". Таразда лауазымды қызметкерлердің төбелесі кісі өлімімен аяқталды

    Тараздағы төбелес сәті
    Тараздағы төбелес сәті. Видео кадры: КТК телеарнасы

    Таразда төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды қызметкерлері төбелесіп, соңы кісі өлімімен аяқталды. Оқиға жұма күні таңғы сағат алты шамасында "Лаура" қонақүйінің маңында болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қатты соққыдан сұлап түскені анық байқалады. Соққыға жығылған тұрғын жедел жәрдем келгенше жан тапсырған. 

    Кейін марқұмның төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру және құтқару қызметінің бөлім басшысы екені анықталды. Ал ұрған ер адам №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы болып шыққан.

    Әріптесін ұрып өлтірген күдікті ұсталып, қылмысын толық мойындаған. Бірақ осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары да, төтенше жағдайлар департаменті де қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.

    Айта кетейік, қаза болған подполковниктің артында алты баласы әкесіз қалды.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    "Артында алты баласы қалды". Таразда лауазымды қызметкерлердің төбелесі кісі өлімімен аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.