jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Прокурорлар Алматы мектептерінің бірінде 46 млн теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады

    Қағаз ақша және тиын
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы прокурорлары қала мектептерінің бірінде 46 млн теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады. Мектеп бухгалтері бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Алматы прокуратурасы ресми сайтында.

    Қалалық прокуратура мәліметінше, мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.

    Аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

    "Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады.

    Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

    Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

    Прокурорлар Алматы мектептерінің бірінде 46 млн теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.