jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда 460 көшетті жойған күдіктілер қолға түсті (видео)

    Кісен
    Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Полиция қызметкерлері егілген көшеттерді қасақана жойып жіберген екі бұзақыны тауып, ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Полиция қызметкерлері егілген көшеттерді қасақана жойып жіберген екі бұзақыны тауып, ұстады. Алматы қаласы Жетісу ауданындағы cолтүстік айналма көшесінің бойына тұрғындар үшін жас ағаштар отырғызылған болатын.

    "Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Күдіктілер бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 28 жастағы қала тұрғыны мен Жетісу облысының 30 жастағы азаматы болып шықты. Олар заңсыз әрекеттер жасағанын мойындады. Қылмыстың себебі тергеу барысында анықталатын болады", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

    Қылмыстық кодекстің 340-бабы 3-бөлігі (Ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша тергеу жалғасып жатыр. Сондай-ақ полиция бұзақылар келтірген шығынды өтеу шаралары қолданылатынын айтты.

    Алматыда 460 көшетті жойған күдіктілер қолға түсті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.