jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан зардап шеккендер мәлімдеме жасады

    судья балғасы
    Судья балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Нұрасыл Болаттың шабуылынан зардап шеккендер сот үкіміне шағым түсіріп, Дәулет Тұрлыхановтың ұлын бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін Әскери сотта әскери қызметші Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қаралды.

    Айта кетейік, Нұрасыл Болат бұзақылық ниетпен қасақана екі адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірді деп айыпталған.

    Қазан айының басында сот бұл іс бойынша үкім шығарып, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына 1 725 000 теңге көлемінде айыппұл салған. Сондай-ақ зардап шеккендердің пайдасына 1 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілген.

    "Іс жәбірленушілердің апелляциялық шағымы бойынша сотқа келіп түсті (бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрайды), прокурор (ақшалай айыппұлды бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұрайды), сотталған адамның адвокаты (ақтауды сұрайды), сотталған адам кінәсін мойындап, өкінеді, жазасын өтеуге дайын және соттың жаза тағайындауын күтеді", – делінген хабарламада.

    Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан зардап шеккендер мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.