jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында әкімдіктің лауазымды қызметкерлері ұсталды

    Ақша ұстап отырған ер адам
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Түркістан облысының прокуратурасы Төле би ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастады. Оған себеп — ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иелену фактісі. Бұл туралы облыстық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс бойынша ауданның жер қатынастар бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы нарық құны 326 млн теңге тұратын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдеді деген күдікке ілінген.

    "Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген прокуратура хабарында.

    Еске салайық, кеше Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қала әкімдігінің екі қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растаған еді.

    Әлеуметтік желідегі жарияланымдарда қала әкімдігінің лауазымды тұлғалары құқық қорғау органдарының назарына іліккені айтылған. Олар электрмен жүретін көліктерді жалға беріп, жеке шоттарға ақша аударған деп айыпталып отыр.

    Түркістан облысында әкімдіктің лауазымды қызметкерлері ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.