jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы балабақшасында бүлдіршінді жұлқылаған тәрбиешінің видеосы жарияланды

    Алматыдағы балабақшада түсірілген кадр
    Алматыдағы балабақшада түсірілген кадр. Фото: t.me/kozachkow

    Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінге қатыгездік көрсету әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Алматы балабақшасында түсірілген кадрлар журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жарияланды.

    KAZ.NUR.KZ тілшісіне қалалық полиция департаменті өкілдері Наурызбай ауданының полиция басқармасына жас балаға дене жарақатын салу фактісі бойынша 30 қарашада арыз түскенін хабарлады.

    Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. Алматы қаласының білім басқармасындағылар тәрбиеші мен оның көмекшісі қызметтен шеттетілгені айтылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

    "Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеу органы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Тәрбиеші мен оның көмекшісі тергеу аяқталғанға дейін қызметтен шеттетілді", - деп хабарлады қалалық білім басқармасының өкілдері.

    Алматы балабақшасында бүлдіршінді жұлқылаған тәрбиешінің видеосы жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.