jitsu gif
Оқыс оқиға

    Астанада жедел жәрдем станциясының басшысы ұсталды

    Күдіктіні қамау сәті
    Күдіктіні қамау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанада жедел медициналық жәрдем станциясының басшысын ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомтсвоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда департаменті баспасөз қызметі "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" мемлекеттік кәсіпорынның директоры ұсталғанын мәлім етті.

    Антикор өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.

    Айта кетейік, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК ресми сайты мәліметіне сүйенсек, аталған мекеменің директоры Мұрат Оразбаев.

    Сайт ақпаратына сенсек, қалалық жедел жәрдем станциясында Астана тұрғындары мен қонақтарына тек ауруханаға жатқызылғанға дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсетіледі.

    Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының прокуратурасы Төле би ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастағаны туралы жазған едік. Оған себеп — ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иелену фактісі.

    Сондай-ақ бүгін, желтоқсанның 5-і Астанада ауа райы нашарлап, жауын-шашын, көктайғақ болуына байланысты травматологиялық пункт қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқаны хабарланған болатын.

    Астанада жедел жәрдем станциясының басшысы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.