Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада көктайғаққа байланысты травматологиялық пункттер күшейтілген режимге көшті

Опубликовано:

Медицина қызметкері
Медицина қызметкері. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада ауа райы нашарлап, жауын-шашын, көктайғақ болуына байланысты травматологиялық пункт қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері елорда тұрғындарын мүмкіндігінше мұқият болуға, жазатайым жағдайға тап болмас үшін ыңғайлы, жалпақ аяқ киім киюге кеңес берді. Ал жарақат алған жағдайда бірден медициналық көмек көрсету пунктеріне жүгіну қажеттілігі айтылды.

Сонымен қатар қала әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері балалар мен зейнет жасындағы тұрғындарды шұғыл қажеттілік болмаса, үйден шықпауға шақырды.

Травматологиялық пункт дәрігерлері аурухананың барлық бөлімшесінің қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

"Айта кетейік, бүгінде №4, 5, 6, 7, 9 10 қалалық емханаларында сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін шұғыл 4-санаттағы балаларға арналған медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бөлімшелері жұмыс істейді", – делінген хабарламада.

Қала әкімдігі мәліметіне сүйенсек, қарашаның 9-ы №2 көпбейінде қалалық балалар ауруханасы жанындағы негізгі травматологиялық пунктке түсетін жүктемені азайту әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында қосымша травматологиялық пункт ашылған.

Ол №2 қалалық емхана базасында Сарыарқа және Байқоңыр аудандарының балаларына медициналық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ әкімдік өкілдерінің айтуынша, Астанада жолдарды көктайғақ баспас үшін көлік және жолаушылар жолына құм-тұз қоспасы себіледі. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049243-elordada-koktaigaqqa-bailanysty-travmatologiyalyq-punktter-kuseitilgen-rezimge-kosti/

pixel