jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада Ресей тумасы тұрғынның ұялы телефонын алып қашқан (видео)

    Телефон ұрланған сәт
    Телефон ұрланған сәт. Фото: Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

    Астанада шұғыл түрде қоңырау соғуды сылтау етіп, қала тұрғынының ұялы телефонын алып қашып кеткен ер адам видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Астана қалалық ПД ресми Instagram-парақшасында хабарлады.

    Жәбірленуші полицияға хабарласқан. Конституция көшесіндегі аулалардың бірінде тұрған қала тұрғынына белгісіз ер адам келіп, қоңырау шалу үшін телефонын бере тұруын өтінген. Ол телефонмен сөйлескен кейіп танытып бір минуттай тұрып, кейін қаша жөнелген.

    "Тәртіп сақшылары осы факт бойынша Ресей Федерациясының тумасын анықтады. Бұл адамға қатысты алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 42 жастағы азаматтың тағы да елордада жасалған қылмысқа қатысы бар екені анықталды", - деп хабарлады полицейлер.

    Елордалық полицейлер кейінгі кезде алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткенін атап өтті. Тәртіп сақшылары тұрғындарға қырағы болу керегін ескертіп отыр.

    Астанада Ресей тумасы тұрғынның ұялы телефонын алып қашқан (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.