jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Әуеге оқ атып, жол ережесін бұзған": Түркістан облысында той иелері жазаланды (видео)

    Қару
    Қару. Көрнекі фото: pixabay.com

    Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде полицейлердің назарына той салтанатын ұйымдастырған жастар іліккен. Үйленген жігіт пен оның достары жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Желіде жарияланған видеода жігіттер шектен шығып, аспанға қарумен оқ атып, кортеждегі жүргізушілер жол ережесін бұзып, апат жағдайын туғызғаны бейнеленген.

    Оқиға Сайрам ауданында болғаны белгілі болды. Бейнежазбадағы оқ атқан 19 жастағы тұрғыннан түсініктеме алынған. Ал оның қолындағы тапаншаға ұқсас қару сигналдық зат болып шыққан. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 485-бабы 1-бөлігімен (Қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану) хаттама толтырылды.

    "Сонымен қатар жол ережесін бұзған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Ал Hyunday Santa Fe көлігіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі, 603-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2-бөлігімен шара көрілді. Оған қоса Mercedes Benz жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілігі қаралды", - делінген хабарламада.

    "Әуеге оқ атып, жол ережесін бұзған": Түркістан облысында той иелері жазаланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.