jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Астаналық әйел балаларын сериалға түсіремін деп алаяққа 600 мың теңге берген

    Оператор снимает кино
    Кино. Иллюстративное фото: Bob Henry/UCG/Universal Images Group via Getty Images

    Елордада балаларын фильмге түсірмек болған ана алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Қала тұрғыны полицияға арызбен жүгініп, белгісіз адамның тарапынан алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын және ақшасынан айырылғанын айтып арызданған. Тергеу барысында әйел WhatsApp мессенджерінің чатынан ер адам белгілі бір сомадағы ақшаға телехикаяда роль ұсынғаны туралы хабарландыруын көрген.

    Оның уәделеріне қызығып, әйел оған 600 мың теңге жіберіп, балалары кинода роль алады деп үміттенген. Бірақ күдіктінің уәделері екі айға созылып, осы уақыт ішінде ол түрлі сылтау айтқан.

    Телехикая ролінде ойнауды күте-күте жалыққан әйел полицияға жүгінген. 

    "Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қаланың 22 жастағы тұрғынын анықтады. Оның елорда аумағында жасалған алаяқтықтың үш эпизодына қатысы бар екені анықталған. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - делінген полиция хабарында.

    Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол өз ісін мойындағаны айтылады.

    Астаналық әйел балаларын сериалға түсіремін деп алаяққа 600 мың теңге берген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.