jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды: екі ұйымдастырушы сотталды

    ақша
    Бума ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қаржы мониторингі агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті "ЖК-OTAU KZ" қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі агенттіктің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Агенттік мәліметінше, екі ұйымдастырушы 2018 жылдан бастап салымшылардан қаражат алып, оны басқа қатысушылар арасында қайта бөлумен айналысқан. Салдарынан 150 жәбірленушіге аса ірі көлемде 432 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

    Сот үкімімен ұйымдастырушылар кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

    "Қаржы пирамидаларын құру үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеміз, заңда мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", - делінген агенттік ескертуінде.

    Шымкентте тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды: екі ұйымдастырушы сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.