jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қаржы пирамидасын құрды деген қазақстандық Бішкекте ұсталды

    Күдіктіні ұстау сәті
    Күдіктіні ұстау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Іздеуде жүрген қазақстандық Бішкекте жеке басты тану функциясы бар сыртқы видеобақылау камераларының арқасында анықталған. Бұл туралы Kabar хабарлады.

    Қырғызстан милициясының мәліметі бойынша, жеке басты тану функциясы бар бейнебақылау жүйесі ер адамды қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін іздеуде жүрген адам ретінде анықтаған.

    "2023 жылдың желтоқсан айының соңғы күндерінде Бішкек қаласында камералар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы ("Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету") бойынша Алматы қаласы Медеу ауданының полиция басқармасы іздеу жариялаған Қазақстан азаматы О.А.-ны тіркеді. Бұлтартпау шарасы - қамауға алу", - делінген хабарламада.

    Бішкекте ұсталған қазақстандық күдікті
    Бішкекте ұсталған қазақстандық күдікті. Фото: kabar.kg

    2021 жылдың сәуірінде Қазақстанда зардап шеккен салымшылар үш компанияның қызметіне қатысты полицияға ұжымдық арыз беріп, оларды қаржы пирамидасы деп атағаны хабарланған. Бұл компаниялар өзін жоғары кірісті инвестициялар саласындағы табысты ұйымдар ретінде көрсеткен.

    "Жоғарыда көрсетілген Алматының тумасы О.А. қаржы пирамидасын құрды және басшылық етті деген күдікке ілінген. Тиімді инвестиция ретінде жарнамаланатын "жобаның" басшыларын ұстай бастағанда, ол жасырынып үлгерген", - делінген хабарламада.

    Басылымдағы мәлімет бойынша, бұл салымшылардың бірнеше миллиард теңге көлемінде ақша қаражатын заңсыз тартуға қатысты іс. Сонымен қатар, қаржы пирамидаларының қызметіне түсетін ақша ағынын арттыру мақсатында қылмыстық схемаға танымал блогерлер тартылған.

    Қаржы пирамидасын құрды деген қазақстандық Бішкекте ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.