jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Намысына тиетін ақпаратты таратамын деп қорқытқан": ІІМ арнайы операциясы видеоға түсірілді

    Күдіктілерді ұстау сәті
    Бопсалау ісі бойынша күдіктілерді ұстау сәті. Фото: polisia.kz

    Полицейлер Қызылорда облысының тұрғынын әлеуметтік желілерде жеке сипаттағы мәліметтерді жариялаймын деп қорқытқан бопсалаушылар тобын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Күдіктілер деректерді жария етпеу үшін жәбірленушіден 7 млн теңге талап еткен.

    Ведомство өкілдері осы дерек бойынша Қызылорда облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Оның нәтижесінде тәуліктік кезекшілік кезінде күдікті ретінде 34, 32, 22 жастағы облыс тұрғындары ұсталған.

    Айғақ зат ретінде олардан ақша, сигналдық тапанша және жалған қызметтік куәлік алынғаны айтылады.

    "Қазіргі таңда жәбірленушінің намысына тиетін ақпаратты таратамын деп қорқытып, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген хабарда.

    Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    "Намысына тиетін ақпаратты таратамын деп қорқытқан": ІІМ арнайы операциясы видеоға түсірілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.