jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматылық оқушы дене шынықтыру сабағында соққыға жығылғанын мәлімдеді

    Дене шынықтыру сабағы
    Спорт залы. Көрнекі фото: pexels.com

    Алматылық мектеп оқушысы дене шынықтыру мұғаліміне шағымданып, басқа да оқушыларды ұрды деп айыптады. Қалалық полиция департаменті тексеру басталғанын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқушының шағымы EGOV.PRESS Telegram-арнасында жарияланды. Жазба сипаттамасында Алматы мектептерінің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі балаларға қол көтерді деп жазылған. Сондай-ақ үндеу жасаған баланың алтыншы сынып оқушысы екені айтылған.

    Видеода ол соққыдан қабырғасы мен ішінің ауырғанын айтқан. Жазбаға Алматы полиция департаменті түсінік берген.

    "Аталған факт бойынша Алатау ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізуде. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады", - делінген хабарламада.

    Алматылық оқушы дене шынықтыру сабағында соққыға жығылғанын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.