jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Елордада медорталық қызметшісі наркозға арналған дәрілік заттарды ұрлап, сатып жіберген

    Дәрі мен тиын ұстап отырған адам
    Дәрі мен ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астанада медициналық орталықтың қызметшісі наркозға арналған 10 литр дәрілік затты ұрлаған. Бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық-медиа порталы.

    Астана қаласы Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында ер адамның сол жақ жағалаудағы медициналық орталықта жұмыс істейтіні белгілі болды.

    Басылымның жзуынша, мекеме қызметшілері жоқ сәтте ер адам дәрі-дәрмек сақталатын қоймаға еш кедергісіз кіріп, 10 литр наркозға арналған дәрілік затты алып кеткен.

    Келтірілген материалдық шығын 38 мың теңгеден асты. Ұрланған препаратты бірден арзанға сатып жіберген. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

    Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

    Елордада медорталық қызметшісі наркозға арналған дәрілік заттарды ұрлап, сатып жіберген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.