jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "40 гектар жерді 765 мың теңгеге сатқан": БҚО-да мемлекетке аса ірі залал келтірген шенеунік сотталды

    Жер аумағы
    Жер аумағы. Көрнекі сурет. Фото: Richard Heathcote/Getty Images

    БҚО-да аудандық жер қатыныстар бөлімінің бастығы заңсыз жер телімін беріп, оның салдарынан мемлекетке аса ірі залал келтіргені үшін сотталды. Бұл туралы өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    БҚО Бәйтерек ауданы прокуратурасы жер телімдерін беру заңдылығын тексерген. Осы тексерісте бір азаматқа облыс орталығына жақын жерден (Орал қаласы) ірі көлемдегі жалпы аумағы 40,0 гектар (400 000 шаршы метр - 4 000 соттық жер) жер телімдері "бағбандық және саяжай құрылысына" берілгені анықталған.

    Алайда мемлекеттен саяжай жер телімін сатып алу құны заңсыз төмендетілген және 4 000 соттық жер 765 мың теңгеге сатылған.

    Прокуратура өкілдерінің айтуынша, жер телімдерінің нақты кадастырлық құны - 119,8 млн. теңге, осының салдарынан мемлекетке аса ірі көлемдегі залал келген.

    "Осының негізінде прокурорлық тексеру материалы СДТБТ-не тіркеліп, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысына қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр салдарға алып келу фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істің тергеуі Батыс Қазақстан облысының арнайы прокурорларына тапсырылды", - делінген хабарда.

    Сот үкімімен Бәйтерек аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

    Сондай-ақ мемлекетке келтірілген залалды қайтару туралы талап арыз қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    "40 гектар жерді 765 мың теңгеге сатқан": БҚО-да мемлекетке аса ірі залал келтірген шенеунік сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.