jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Балалар ойыншығына салынған": есірткіні АҚШ-тан сәлемдеме арқылы алдыртқан адам 10 жылға сотталды

    Тексеру жұмыстары
    Тексеру жұмыстары. Фото: Бас көлік прокуратурасы

    АҚШ-тан Қазақстанға есірткі алдыртып келген азамат 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас көлік прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Өткен жылдан бастап алқабилердің қатысуымен қаралатын аса ауыр санатына жататын қылмыстық істердің тізбесі кеңейтілді.

    Олардың қатарына есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар да енді.

    "2023 жылдың соңында алқабилер ірі көлемдегі есірткі контрабандасымен айналысқан азамат А.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

    Олардың үкімі бойынша кінәлі тұлға сотпен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарда.

    Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұл азаматтың АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы ішіне есірткі салынған балалардың ойыншықтарына тапсырыс бергені және алғаны туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді, есірткі Қазақстан аумағында сату және одан материалдық пайда табу мақсатында алынып келінген.

    Бас көлік прокуратурасы Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.