jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Көкшетауда мас күйде жолаушы тасымалдаған такси жүргізушісі ұсталды (видео)

    Қызмет барысындағы полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

    Көкшетауда такси жүргізушісі мас күйінде жолаушы тасыған. Полицейлер тәртіп бұзушыны ұстап, мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік хаттама толтырды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің ақпараттық порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Polisia.kz медиапорталы жариялаған ақпарат бойынша, 24 қаңтарда Chevrolet Cobalt автокөлігі полиция патрулінің назарына іліккен, оның жүргізушісі такси қосымшасының сәйкестендіру жапсырмаларына қарамастан, жолда "дрифт" жасап, жолдағыларға қауіп төндірген. Полиция қызметкерлері Уәлиханов көшесінде құжаттарды тексеру үшін бұл автокөлікті тоқтатқан.

    "Іс жүргізу барысында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын ер адам мас күйде көлік жүргізгені анықталды, оны кейіннен медициналық сараптама растады", - делінген хабарламада.

    Полицейлердің мәлімдеуінше, заң бұзушылық анықталған кезде көлік салонында екі жолаушы отырған, олар жүргізушінің мас күйде екенін байқамағанын айтқан.

    "Ер адамның өзі екі бөтелке сыра ішкенін мойындап, такси жүргізушісі ретінде жұмысын жалғастырғанын айтты. Тәртіп бұзушыға қатысты полиция мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды", - делінген полиция мәлімдемесінде.

    Ведомствоның хабарлауынша, жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

    Көкшетауда мас күйде жолаушы тасымалдаған такси жүргізушісі ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.