jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Орал тұрғыны 29 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

    Фото
    Көрнекі фото: 056.ua

    Оралда полиция қызметкерлері 29 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген адамды анықтады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өңірлік полиция департаментіне қарасты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген Орал тұрғынын ұстады.

    Қазіргі уақытта жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтерді жария етуге болмайды.

    Орал тұрғыны 29 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.