jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Екі рет оқ атқан": Алматыда келіншекке қастандық жасалғаны хабарланды

    Полицейдің белдігіндегі кісен. Көрнекі сурет
    Полицейдің белдігіндегі кісен. Көрнекі сурет. Фото: Friso Gentsch/picture alliance via Getty Images

    Алматыда әйелге қастандық жасалды деген хабар тарады. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеоны желіде жариялаған. Күдіктілер көп ұзамай ұсталды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Полиция аталған қылмыс тез арада ашылғанын хабарлады.

    "Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің ресми өкілі.

    Бұған дейін оқиға туралы Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында хабарланған болатын.

    "Бұрынғы сүйіктісінің интим видеосын таратқан ірі кәсіпкер ұсталғаны туралы ақпарат түсті. Кейін қамауға алынған кәсіпкердің бұйрығымен аталған мекенжайға белгісіз ер адам келіп, бойжеткенге екі рет оқ атқан. Алматы полициясының қызметкерлері күдіктілерді дер кезінде ұстады. Ұсталған адамдар жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін дейді. Қазіргі уақытта бойжеткен өмірі үшін қорқады. Бас прокурор мен Ішкі істер министрінен істі жеке бақылауға алуын сұраймыз", - делінген Telegram-арнада.

    "Екі рет оқ атқан": Алматыда келіншекке қастандық жасалғаны хабарланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.