jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Жалған автонесие": халыққа 2,9 млрд теңге залал келтірген күдікті ұсталды

    Ер адамды қамауға алу сәті
    Ұсталған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Елордада аса ірі көлемдегі залал келтіруге қатысты алаяқтық қылмыс бойынша іздеуде жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратура ресми Telegram арнасында.

    Ведомство ақпараты бойынша, 6 ақпанда Бас прокуратураның үйлестіруімен Астанада аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдіктелген М.К.Сүлейменов ұсталды.

    Бұған дейін биылғы қаңтардың 30-ы Қызылордада оның тағы бір сыбайласы болуы мүмкін деген Р.Қ.Қаржауов анықталып, ұсталған.

    Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, К.Сүлейменов 2021-2022 жылдары бір топ адаммен азаматтарға жалған автокөлік несиесін рәсімдеген.

    Салдарынан 231 адамға 2,9 млрд теңге мөлшерінде залал келтірілген.

    Тергеу барысында 2022 жылғы мамырда Сүлейменов тергеуден бой тасалап, оған іздеу жарияланған болатын.

    Қазіргі уақытта Сүлейменов Ақтау қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    "Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", - делінген хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.