jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Шетелдіктер ер адамды ұрып-соққан": желіде дау туғызған видеоға қатысты ақтөбелік полиция түсінік берді

    Полицейлер мен ер адамдар
    Полицейлер мен ер адамдар. Видеодан кадр: t.me/egovpress

    Әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысындағы тасжолда шетелдіктер ер адамды ұрып-соғып өлтірді деген ақпарат пайда болды. Облыстық ПД баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Egov.press Telegram-дағы арнасында жүк көліктерінің жанында жол бойында тұрған он шақты ер адам мен полиция қызметкері бейнеленген видео жариялады.

    "Кейбір ақпарат көздері Ақтөбе облысында алты шетелдік азаматты ұрып-соғып өлтіргенін хабарлады. Жүк көлігі жүргізушілері күдіктілердің бірін ұстады", - делінген видео сипаттамасында.

    Облыстық ДП баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне бұл ақпаратты жоққа шығарды.

    "Полицейлер Ақтөбе облысында ауыр көлік жүргізушілері арасындағы жанжалға қатысушылардың бірін анықтап, ұстады.

    Қазақстан Республикасының азаматтары арасында жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласып, бір адам зардап шеккені анықталды. Қаза тапты деген ақпарат жалған", - деді полиция өкілдері.

    Ведомстводағылар бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары, қалған күдіктілерді ұстау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ полицейлер қазақстандықтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.