jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада ер адам интимді фото-видеоларын таратпау үшін бопсалаушыға 3 млн теңгеден астам ақша берген

    Телефон ұстап тұрған ер адам
    Телефон ұстап тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Астанада бір ер адам екінші бір ер адамды интимді суреттері мен видеоларын желіге жариялайтынын айтып, бопсалап, ірі көлемде ақша талап еткен. Осы уақыт ішінде елордалық жігіт бопсалаушыға 3 миллион теңгеден астам ақша берген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "40 жастағы ер адам бір ай ішінде астаналық тұрғыннан 4 миллион теңгеден астам ақша бопсалаған. Бопсалаушы жәбірленушінің интимдік сипаттағы фотолары мен видеоларын әлеуметтік желілерге таратамын деп қорқытқан. Осы уақыт ішінде ер адам бопсалаушыға 3 миллион 400 мың теңге беруге мәжбүр болған", — делінген ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық порталында жарияланған хабарламасында.

    Жәбірленуші кезекті бопсалау оқиғасынан кейін полицияға хабарласқан – бұл жолы одан бір жарым миллион теңгеден астам ақша талап еткен.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, күдікті ақша алып жатқан кезінде көлік тұрағында ұсталған. Полицияның мәліметінше, ол бұрын сотты болған.

    Қазір бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Астанада ер адам интимді фото-видеоларын таратпау үшін бопсалаушыға 3 млн теңгеден астам ақша берген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.