jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Екібастұз МАЭС-2-тегі жымқыру: прокуратура миллиард теңгеге жуық шығынды анықтады

    Екібастұз МАЭС-2
    Екібастұз МАЭС-2. Фото: gres2.kz

    Екібастұз МАЭС-2-тегі жаңғырту жұмыстарында 1 миллиард теңгеге жуық қаражат ысырап болған. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Павлодар облысының прокуратурасы "Екібастұз МАЭС-2" АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады. Расталмаған жұмыстардың көлемі - шамамен 1 млрд теңге", - делінген хабарда.

    Прокурорлардың мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

    Айта кетейік, "Екібастұз МАЭС-2 станциясы"АҚ сайтындағы мәлімет бойынша, бұл – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, белгіленген қуат мөлшері 1000 МВт, қазақстандық энергетикалық кәсіпорын.

    Акционерлік қоғам қазақстандық энергетика нарығындағы екі ірі энергетичестикалық холдингтер: әрқайсына 50 пайыз акция тиесілі "Самрұрық-Қазына" АҚ және "Самұрық-Энерго" АҚ мүддесін білдіреді.

    Екібастұз МАЭС-2 - Екібастұз қаласындағы жылу электр станциясы. Екібастұз МАЭС-2 алаңындағы құрылыс жұмыстары 1979 жылы басталды. Бірінші энергоблок 1990 жылы, 2-ші- 1993 жылы әрқайсы 500МВт қуаттылықпен іске қосылған.

    Екібастұз МАЭС-2-тегі жымқыру: прокуратура миллиард теңгеге жуық шығынды анықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.