jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Алаяққа сенген алматылық 83 млн теңгесінен айырылды: тағы тоғыз адам алданғанын хабарлаған

    Алматыда ұсталған күдікті
    Алматыда ұсталған күдікті. Фото: polisia.kz

    Алаяққа сенген алматылық 83 млн теңгесінен айырылып қалды. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ресми ресурсы Polisia.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ол таныс әйелге инвестицияны көбейту үшін қомақты соманы берген.

    "Т. есімді азаматша таныстарына ЖШС бірінің атынан ірі отандық компаниялардың біріне салымдар - инвестиция арқылы қосалқы бөлшектерді жеткізуге келісімшарт жасап жатқанын айтты. Бірақ ең қызығы компанияға бұл салым қажет емес еді. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге осындай алаяқтық туралы арызбен 9 адам жүгінді.

    Алдын ала мәлімет бойынша, Т.есімді азаматша делдал ретінде 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем алған, ал жәбірленушілердің бірінен 83 миллион теңгені алып алған. Күдікті ұсталды", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

    Күдікті - Алматы облысының тұрғыны. Осы эпизодтардың барлығы бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

    Тәртіп сақшылары алданғандардың әлі де көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Күдіктіні таныған жағдайда полиция мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 8-701-233-47-90; 8-747-700-00-72 және 8-778-677-67-65.

    Алаяққа сенген алматылық 83 млн теңгесінен айырылды: тағы тоғыз адам алданғанын хабарлаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.