jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында аудандық білім бөлімінің басшысы ұсталды

    кісен
    Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы облысы Іле ауданы білім бөлімінің басшысы жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Антикорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

    Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4,9 млн теңге жалақы төлеген.

    Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

    Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    "Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - деп ескертті Антикордағылар.

    Алматы облысында аудандық білім бөлімінің басшысы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.