jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Туыстарына аударған": Алматыда мектептердің бірінің бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлаған

    Есеп жүргізіп отырған әйел
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматы қаласының прокуратурасы мектептерге жүргізілген тексеру қорытындысын жариялады. Бұл туралы қадағалаушы органның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қалалық прокуратураның хабарлауынша, прокурорлар 330 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады.

    Мысалы, Бостандық ауданының прокуратурасы мектептердің бірінде бас бухгалтер жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлағанын анықтаған.

    "Бұл құқықбұзушылық мемлекетке 160 млн теңге залал келтіре отырып, мектептің жұмыс істемейтін қызметкерлеріне және өзінің жақын туыстарына ақша аудару жолымен жасалған.

    Осыған ұқсас ұрлық фактілерін Медеу, Алмалы, Түрксіб және Алатау аудандарының прокурорлары анықтады", - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

    Қадағалаушы орган қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    "Туыстарына аударған": Алматыда мектептердің бірінің бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.