jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Жетісу облысында бизнесменді қорқытып, ақша алғандар сотталды

    судья балғасы
    Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

    Жетісу облысында прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары кәсіпкерлерді қорқытып, ақша алумен айналысқан топтың іс-әрекетін жедел түрде жолын кесті. Бұл туралы өңірлік прокуратура ресми сайтында хабарлады.

    Қадағалаушы органның ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, екі адам алдын ала сөз байласу арқылы мүлікті өртейміз деп қорқытып, жәбірленушіден жарты миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

    Алакөл аудандық соты прокуратураның дәлелдерін қолдап, жасалған қылмыстың ауырлығы мен сипатын ескере отырып, кінәлілерді Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігіне сәйкес 4 жылға бас бостандығынан айырды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    "Жетісу облысының прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді қорқытып алу фактілері орын алған жағдайда құқықтарын қорғау үшін дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады", - делінген хабарда.

    Жетісу облысында бизнесменді қорқытып, ақша алғандар сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.