jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісінен жаңа туған нәресте табылды

    Нәрестенің қолы
    Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қарағандыда үйлердің бірінің кіреберісінен жаңа туған шақалақ табылды. Полицейлер сәбидің анасын іздестіріп жатыр деп хабарлайды, ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Полицейлердің мәліметіне сүйенсек,, жедел басқару орталығына ер адам телефон шалып, Қарағандының оңтүстік-шығыс ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізінде нәресте жатқанын хабарлаған.

    Оқиға орнына жеткен полицейлер жаңа туған ұл баланы тауып, үсік шалудан аман алып қалды.

    "Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, баланың анасын іздестіруде. Сәби жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

    Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісінен жаңа туған нәресте табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.