jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында мектептерден жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілер табылды

    Дәрілер
    Дәрі-дәрмек. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қарағандыдағы мектептерде мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетпеу фактілері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қадағалаушы органның ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, прокурорлық тексеру барысында 2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені анықталды.

    "Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен "Преднизолон" ампулалары сақталған.

    Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды", - делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

    Мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 7 мың баланың құқығы қорғалды.

    Қарағанды облысында мектептерден жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілер табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.