jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Прокуратура танымал адамдардың атынан ұйымдастырылатын гивтерге қатысты ескерту жасады

    Полицей
    Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ

    Алматы қаласының прокуратурасы танымал адамдардың атынан жүргізілетін конкурстар, ұтыс ойындары, гивтеріне қатысты алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғанын ескертеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қадағалау органының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Алматы қаласының прокуратурасы танымал блогерлердің атынан жүргізілетін конкурстар, ұтыс ойындарына, гивтеріне қатысу сияқты алаяқтықтан сақтану керегін хабарлады.

    "Алаяқтар танымал жұлдыздардың атын пайдалану арқылы жалған парақшалар ашып, көбінесе адамдарды қаржылық пайда көресіз деп алдайды. Сенімге ие болудың ең оңай жолы, актерлер, жұлдыздар, мен блогерлердің атын пайдалану", - делінген хабарламада.

    Құзырлы орган мәліметінше, гив танымал адамның атына жүзеге асырылып, олардың қазіргі фотосуреттері, видеодағы адам бейнесін пайдаланылады.

    "Видеода танымал адамның даусын өңдеп, өзгертеді. Барлығы сапалы дайындалады. Бұлардың барлығы жасанды интиллект арқылы жасалады", - деді облыстық прокуратура өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.