jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматыда ТЖД қызметкерлері жер сілкінісі кезінде сирена жұмыс істемегені үшін жазаланды

    Жер сілкінісінен кейін көшеге шыққан тұрғындар
    Алматы. Жер сілкінісінен кейін көшеге шыққан тұрғындар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мәжіліс кулуарында Төтенше жағдайлар министрі орынбасары Бауыржан Сыздықов Алматыда күшті жер сілкінісі кезінде халықты дабыл қағу жүйесі қосылмағаны үшін ТЖД қызметкерлері жазаланғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Журналистер Төтенше жағдайлар вице-министрінен Алматыда қаңтарда болған жер сілкінісі кезінде сирена жұмыс істемегені үшін жазаланғандар бар ма деп сұрады.

    "Иә, қызметтік тексеру жүргізіліп, көптеген қызметкер мен лауазымды тұлға жазаланды", - деді Бауыржан Сыздықов.

    Алайда вице-министр нақты кім, қандай жаза алғанын айта алмады.

    "Мен бұл туралы қазір айта алмаймын. Нақты осы сұрақ сізді қызықтырса, ресми түрде сауал жолдаңыз. Жазаның да түрлері бар", - деді ол.

    Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні Алматыда жер сілкінісі тіркелді. ТЖД ақпаратынша, жер асты дүмпулерінің магнитудасы – 6,7. Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген.

    Желіде тұрғындар жер сілкінісінен соң жаппай көшеге шығып жатқаны көрсетілген видеолар тарады.

    Кейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар, сондай-ақ ғимараттардың қирауы туралы ақпарат келіп түспегенін хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.