jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    БҚО-да мүлікті бөліскісі келмеген күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйел ұсталды

    Қылмыскер
    Қылмыскер құрықталды. Фотосурет: polisia.kz

    Жедел іс-шаралар барысында БҚО-да полиция тапсырыспен кісі өлтіруді тоқтатты. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өңірдің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері шұғыл түрде әрекет етіп, қылмысқа жол бермеді.

    Қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен БҚО-ның екі тұрғыны ұсталды. Қылмысқа тапсырыс беруші күйеуімен мүлікті бөліскісі келмейтін әйел екені анықталды.

    Күдіктілерден олардың кінәсін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мәліметтері бойынша, қаруды сатып алу және кісі өлтіруді орындау үшін тапсырыс беруші орындаушыға 1,3 млн теңге берген.

    Күдіктілер ұсталды, соттың санкциясымен оларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеліп жатыр. Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    "Қазір жәбірленушінің өміріне ешқандай қауіп жоқ. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді", - дейді полицейлер.

    БҚО-да мүлікті бөліскісі келмеген күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйел ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.