jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада мұз астына түсіп кеткен досын құтқаруға көмек шақырған 7 жасар бала марапатталды

    Мұз
    Мұз. Көрнекі фото: freepik.com

    Елордада жарылған мұз астына түсіп кеткен 7 жасар бала құтқарылды. Досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген Пусь Дархан есімді бала марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

    Басылым мәліметінше, түскі астан кейін 7 жастағы бала досымен жағалау бойымен серуендеуге барып, олар ойнап жүріп мұзға шыққан.

    Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен. Жақын жерде балықшыларды көрген бала оларға жүгіріп барып, болған жағдайды айтып көмек сұраған.

    "Әп-сәтте суға батып бара жатқан балаға балықшылар дереу жетіп, жедел әрекет етуінің арқасында, құлаған бала құтқарылып, кейін жедел жәрдем шақырылған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы", - деп жазылған басылымда.

    Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің бастығы Қадыр Малғаздаров досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген 7 жастағы Пусь Дархан атты балаға ризашылығын білдіріп, марапатын ұсынды. Сондай-ақ суға батып бара жатқан баланы құтқарған батырлардың бірі балықшы Абдужапбар Абдураимовқа да бағалы сыйлық "қол сағаты" табыс етілді.

    Астанада мұз астына түсіп кеткен досын құтқаруға көмек шақырған 7 жасар бала марапатталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.