jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы әуежайында Францияның жалған төлқұжатымен жүрген шетелдіктер ұсталды (фото)

    Жалған төлқұжат
    Жалған төлқұжатпен ұсталған азаматша. Фото: web-telegram.ru

    Алматы әуежайында жалған француз төлқұжаты бар екі шетелдік азамат ұсталды. Олар елден шығарылды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдаланудың кезекті әрекетінің жолын кесті.

    "2024 жылғы 1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталды. Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды.

    Нәтижесінде жалған төлқұжаттар алынып, шетелдік азаматтар депортацияланды", - делінген хабарда.

    Айта кетсек, 2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды пайдаланудың 38 фактісінің жолын кесті.

    ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін хабарлады.

    Алматы әуежайында Францияның жалған төлқұжатымен жүрген шетелдіктер ұсталды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.