jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "103 долларға баспана алады": Астанада қаржы пирамидасының басшылары сотталды

    судьяның балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

    Астанада Best Road Investment қаржы пирамидасының басшылары мен менеджері сотталды. Олар бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды елорда прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Прокуратура мәліметінше, сотта мемлекеттік айыптаушы қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы мен менеджерінің кінәсін дәлелдеді.

    Пирамидаға қатысушылар Shanyrak Plus бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу үшін 103 АҚШ долларын сала отырып артынан екі салымшыны тартып және олардың әрқайсысы өсу тәртібімен тағы екі салымшы шақыруы тиіс болған.

    "Компания қызметінің барлық кезеңінде, яғни 2020 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін Shanyrak Plus бағдарламасы бойынша 45 салымшының ешқайсысы қажетті табыс, сондай-ақ тұрғын үй алмаған және жалпы залал сомасы 107 млн теңгеден астам қаражат болған", - деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасынан.

    Сот үкімімен 7 жылға дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, ұйымдастырушылардың әрқайсысы 6 жылға, сыбайласы 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

    Келтірілген шығын сотталғандардан өндірілді. Үкім заңды күшіне енген.

    Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұйымдарға жарна салудан бас тартуға шақырады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.